КІРІСПЕ

Заман ағымына сай ақпараттың оперативтілілігі көз ілестірер емес. Секунд сайын ғаламтор бетінде қаншама миллиондап жаңа ақпарат пайда болып, неше мың пікір жазылады, фотолар мен видеолар легін бақылып отырудың өзі уақытқа бағынбай тұр. «Айшылық алыс жерлерден жылдап хабар алғызған» заман болып тұр. Осындай кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Сананы оятып, нәрсені ақ пен қара деп айыра алу, өзіндік пікір қалыптастыру біздің, жастардың мойнындағы парыз, жауапкершілік деп түсінемін. Сол себепті, білегімді түріп қойып, ноутбүкті ашып жіберіп, өз ой-пікірімді тасада қалдырмай, жеке блог жазуды бастап отырмын. Негізі көптен бері Фейзбүкте де, осында да, белсенді қолданушылар мен танымал блогерлердің жазбаларын бақылап жүрмін. Алуға болатындай дүниелер байқадым. Ол кісілер де едәуір еңбек пен ізденістің арқасында көп оқырманның назарын аударып отыр-ау деп ойладым. Иә, қай кезде де алдыңда арқа сүйер ағаң болғаны жақсы ғой. Блог әлемінде үйренерім көп екеніне сенімдімін. Тек дұрыс жол көрсетіп, қателескен болсам «бетіме басып» отырыңыздар) Сын қабылдай білемін. (Кеулімжай Әйгерім апайымнан алған ескертулерім сабақ болғанын айта кету керек шығар).

Өзіме сәттілік тілеймін! Сәлем, КЕРЕКИНФО!

Әрі қарай

Сәлем!

Армысыздар, құрметті ағайын! Мен өзіме бүгін блог ашып отырмын. Осы сайтты бұрынырақ көзім шалып еді — Мерамбектің әнінің сөзін іздеп отырғанда. Іздеген жоғым табылғанға қуандым, әрине. Содан сайтқа ырза болдым. «Керекинфо» десе дегендей-ақ екен дедім.
Кейін блог екенін түсіндім. Жазылған посттар мен пікірлерді оқи бастадым. Олар баурап алды. Қазақ тілді орта екен, ырза болдым. Енді міне орталарыңызға келіп отырмын. Жатырқамай, жылы қарсы аларсыздар деп үміттенемін. Мында, сосын, жақсы-жақсы сындар көп айтылады екен. 6 сөйлемнен құралған постқа 60 ауыз пікірлер жазылады екен. Сайт осы пікір алмасуымен құнды деп ойлаймын маған.
Мен посттарды қатты жазып қоймаймын енді. Енді-енді үйреніп жүрген жайым бар. Сондықтан аса сөкпессіздер деймін. Пікір бөлісулерге көп араласатын шығармын, әзірше.
Осы… айтайын дегенім… Типа, кіріспе сөзім)
Әрі қарай